2022 жылғы 17 қазанда Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің № 5 «А» мектеп-гимназиясы» КММ ағылшын тілі мұғалімдерінің кәсіптік - педагогикалық шеберлігінің II қалалық форумы аясында «Dragons and creatures» тақырыбы бойынша 4 «А» сыныпта ашық сабақ өтті. Сабақты ағылшын тілі мұғалімі, педагог-модератор А.Т.Тажмакина өткізді. «Заманауи инновациялық технологияларды практикада қолдану» форумы заманауи педагогика идеяларын таратуға, оқу процесінде заманауи инновациялық технологияларды белсенді қолданатын педагогтардың тәжірибесімен алмасуға бағытталған.