"Белсенді әдістерді қолдана отырып, оқушылардың коммуникативтік қабілеттерін дамыту" семинар
5 А мектеп-гимназиясында "Белсенді әдістерді қолдана отырып, оқушылардың коммуникативтік қабілеттерін дамыту" тақырыбында «Ынтымақтастық жұмыс» түрінде қалалық семинар өтті. Оған облыстың білім беру ұйымдарының қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері қатысты. Қалалық семинардың мақсаты жалпы білім беретін мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында пән мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру, оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда тәжірибе алмасу болды. Оқытуға негізделген тиімді сабақты жоспарлау мақсатында пән мұғалімдері тәжірибе алмасу алаңын құра отырып, мастер-класстар, ашық сабақтар өткізді.