Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР !

2022 жылдың 1 сәуірінен 1 тамызға дейін 6 жастағы (01.09.2020 жылға -6 жас) балаларды орыс тілінде білім алуға 1 сыныпқа қабылдау жүргізіледі

«SAKURA: электронды мектеп» ЭЖ-ден тіркеуден өткеннен кейін құжаттарды қабылдау қызмет алушыларға ыңғайлы күн мен уақытты көрсете отырып, 2020 жылдың 1 маусымынан басталады (ведомость вахтада болады)

 

2020 жылдың 1 маусымнан 4 маусымға дейін гимназия сыныптарында балаларды конкурстық іріктеу өткізіледі.

№5 «А»МГ әкімшілігі

 

Мектеп-гимназияның 1-сыныбына қабылдау электронды түрде жүзеге асырылады. Ол үшін «SAKURA: электронды мектеп» ЭЖ қызметін пайдалану керек.

 

Өтініштерді қабылдау кезеңі 2022 жылдың 1 сәуірінен 1 тамызға дейін жүзеге асырылады.

 

Электорнды өтінішті беру үшін:

  1. Көрсетілетін қызметті алушының ата-анасының біреуінің (немесе өзге заңды өкілдерінің) байланыс деректерін толтыру(ЖСН,ЭСҚ,ұялы телефон номері)
  2. Ата-ана мен бала туралы мәліметтерді келесі құжаттардың электрондық көшірмесін қоса бере отырып толтыру:
  • дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды (денсаулық паспорты негізінде тіркелген жері бойынша емханада беріледі-Ф-026у-3);
  • көрсетілетін қызметті алушының цифрлық фотосуреті;
  • педагог-медициналық — психологиялық комиссияның қорытындысы.
  1. Тұрғылықты жері бойынша мектепті таңдау.
  2. Қабылданған нәтижесі туралы хабарламаны қалай алуға ыңғайлы екенін көрсету: SMS, E-mail арқылы, немесе тб. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтінішті қабылдау туралы хабарламаны алғаннан кейін 1 күн ішінде құжаттарды тапсыру үшін мектепке келу қажет.

 

МЕКТЕПКЕ ӨТІНІШ БІЛДІРГЕН КЕЗДЕ БАЛАНЫҢ ЗАҢДЫ ӨКІЛІ ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАРДЫ ҰСЫНАДЫ:

  1. Баланың заңды өкілдерінен өтініш (құжаттардың толық пакетін тапсырған кезде жазылады) (сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжаттары болуы тиіс).
  2. Дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды – Ф-026/у.
  3. Алдын алу егу картасы-Ф-065/у.
  4. 3х4 көлемінде саны 2 данада суреті.

Құжаттар толық пакет файлмен ұсынылады

 

ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ УАҚЫТЫ:

9.00-ден 18.30 дейін

(үзіліс 13.00-ден 14.30 дейін)

(дүйсенбі-жұма)

 

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту үшін негіз болуы мүмкін.

  1. жоғарыда аталған құжаттардың толық емес болуы:
  2. құжаттарда дәйексіз немесе бұрмаланған фактілер (мәліметтерді) анықталса;
  3. осы білім беру ұйымында мәлімделген білім деңгейінің сәйкес келмеуі немесе болмауы;

 

Мемлекеттік қызметті алушының оқу көрсеткіштерінің таңдалған білім беру ұйымының мәртебесіне сәйкес келмеуі

 

осы білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағында тұрудың сәйкес келмеуі.

«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартынан үзінді.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 179 бұйрығымен бекітілген. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 179 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 25 қаңтардағы №28 бұйрығы

 

Название Скачать
1 1-класс-каз 2 DOC