Білім беру ұйымдарында бірінші сыныпқа қабылдау
1 сәуірден бастап 31 тамызға дейін барлық білім беру ұйымдарында бірінші сыныпқа өтініштер қабылданады
1-сыныпқа оқуға алты жастан бастап балалар қабылданады. Қабылдау даярлық деңгейіне қарамастан білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағында тұратын барлық балалардың қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып жүзеге асырылады.
Құжаттарды қабылдау «электрондық үкімет» веб-порталы egov.kz арқылы, сондай-ақ «SAKURA: электрондық мектеп» электрондық порталы арқылы жүзеге асырылады.
Портал арқылы өтінім беру үшін келесі құжаттар пакеті қажет:
ата-аналардың немесе өзге де заңды өкілдердің өтініші
медициналық анықтамалар:
денсаулық жағдайы туралы № 065/у нысаны (егу картасы)
№ 052-2/у нысаны (баланың денсаулық паспорты)
баланың сандық фотосуреті 3х4 см.
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту үшін негіз болып табылады:
көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың анық еместігін анықтау
көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған құжаттарының білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі
сынып-жиынтықтардың толып кетуі.