2022 жылдың 20 сәуірінде Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің № 5 «А» мектеп-гимназиясы» КММ-де «Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы «Өрлеу» АҚ филиалы базасында өткізілген бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Бастауыш білім беруде 4 К моделін енгізуге психологиялық-педагогикалық жағдай жасау» атты мұғалімдердің біліктілігін арттыру курстары аясында облыстық практикалық семинар өтті.
Семинар бағдарламасына сәйкес бастауыш сынып мұғалімдері Е.В. Ремезова, Т.А.Синнер, А.А.Киселева А.А. ашық сабақтар өткізді.Сонымен қатар директордың ҒӘЖ жөніндегі орынбасары А.Е.Ахметова, «Талантты және дарынды балалармен жұмыс жасау жүйесі» тақырыбында баяндама жасады.