Дамыту мақсатында Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің № 5 «А» мектеп - гимназиясы» КММ - нің 2023 - 2024 оқу жылына арналған жоспарына сәйкес 2024 жылдың 22 сәуірі мен 24 сәуірі аралығында оқушылардың зияткерлік және шығармашылық әлеуеті бойынша мектепішілік ғылыми - зерттеу байқауы және «Ступеньки открытий» шығармашылық жобалары өткізілді. Ынтымақтастық аясында Сизова Ольга Алексеевна , математика мұғалімі, Бабич Сергей Иванович физика мұғалімі, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» АҚ - нан биология пәнінің мұғалімі Вартанян Галина Васильевна, информатика мұғалімі Оспанов Манат Габдракипович, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Искакова Анастасия Игорьевна, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Ташенова Руза Тажбаевна шақырылды. Қостанай облысының әкімдігі білім басқармасының «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп - лицей - интернаты» КММ - нен тарих пәнінің мұғалімі Қайырғали Нұрымжан Қайратұлы, сондай - ақ республикалық ғылыми жоба байқауының жеңімпаздары 11 - сынып оқушылары Аманжолова Айжан, Ақалтаева Рабиға шақырылды. Сіздің жұмысыңыз, біліктілігіңіз және кәсібилігіңіз үшін алғысымызды білдіреміз. Балаларымыздың шығармашылық қабілетін, ғылымға деген қызығушылығын қолдау - балалардың дарындылығын анықтаудағы басты міндет. Бұл біздің ынтымақтастығымыздың арқасында мүмкін болып отыр. Келесі жылы да осы бағыттағы жұмыстарды жалғастырамыз деп сенеміз.