Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын

2023 жылдың 18 қазанында гимназия мектебінде «Мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернаты» КММ-мен ынтымақтастық аясында «Зерде» қалалық кезеңіне дайындық бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалардың алдын ала қорғауы өтті. Осы іс-шараға Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының «Озат» қоғамдық бірлестігінің қызметкері Қанафина Индира Сункаровна, мектеп психологы және Умербекова Малика, Оразбай Нурхан оқушылары шақырылды. Бұл оқушылар республикалық және халықаралық олимпиадалардың жүлдегерлері және ғылыми жобалар жазу мен қорғауда үлкен тәжірибеге ие. Сондай-ақ қазылар алқасының құрамында У.Султангазин атындағы мемлекеттік педагогикалық институтының «Тарих» мамандығының 2 курс магистранты Андрей Вдовиков болды. Байқауға қатысушылар мен олардың жетекшілері сындарлы пікірлер алды. Қатысушыларымыз аға жолдастарының ізін жалғастырады деп сенеміз!