Бегущая строка • Современная школа-лицей – это место, где ребенок накапливает опыт широкого знания ru
Авторизация
AA+
Бегущая строка • Современная школа-лицей – это место, где ребенок накапливает опыт широкого знания ru

Құрметті ата-аналар! «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 25 наурыздағы № 109 бұйрығымен төтенше жағдай кезінде әлеуметтік-еңбек саласындағы кейбір мемлекеттік қызметтерді көрсету және халықтың жекелеген санаттарын азық-түлік және тұрмыстық жиынтығымен қамтамасыз ету тәртібі туралы қағидалары (бұдан әрі — Қағидалар) бекітілгенін хабарлайды.

Жоғарыда көрсетілген Қағидалардың 21-тармағына сәйкес азық-түлік және тұрмыстық жиынтығы атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарындағы алты жастан он сегіз жасқа дейінгі, оның ішінде көп балалы отбасылардың балаларына беріледі.

Осы қызметті алу үшін «Электрондық үкімет» (ероу.кг) веб-порталында «Электрондық өтініш» сервисі арқылы қалалар мен аудандар әкімдіктерінің халықты жұмыспен қамту орталығына өтініш беріп, растау құжаттарын қоса отырып Қағидалар қосымшаларына сәйкес әлеуметтік және мемлекеттік қызметтерді көрсетуге арналған электрондық өтінішті толтыру қажет.