Сыныптан тыс іс-шаралар
«Жүз этнос – бір халық!»
Қазақстан халқының бірлігі күні-еліміздің ең сүйікті мерекелерінің бірі. Біздің мемлекетімізде әр түрлі ұлт өкілдері бейбітшілік пен келісімде өмір сүреді. Халықтар бірлігі-еліміздің басты жетістігі. Бүгін осы мереке қарсаңында №5 «А» мектеп-гимназиясында Қазақстандағы бала жылына орайластырылған «Жүз этнос-бір халық!» фестивалі өтті.
Жарқын ұлттық киімдер киген этномәдени бірлестіктер өкілдерінің сахнаға шығуы, мерекені ерекше атап өтіп, сәнін келтірді. Корей, татар, түрік, неміс, орыс және басқа да көптеген диаспоралар болды. Сынып жетекшілеріне облыстық «Үндестік» жобасы аясында ата-аналар қауымын ұйымдастырғаны үшін, костюмдерді сапалы дайындағаны, нөмірлер қойғаны және дәмді ұлттық тағамдардың дәмін тату мүмкіндігі үшін алғысымызды білдіреміз.